15 сәуір күні Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына орай, «Әлихан Бөкейханов және «Алаш» мұрасы» аттыхалықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияны университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов салтанатты түрде ашты. ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құттықтау сөз сөйлеп, Алаш көсемінің өміріне, атқарған қоғамдық жұмыстарына қысқаша тоқталды.

Әлем халықтары жазушылары одағы ұжымы ғалым, ақын әрі сазгер Құдайберген Қашқынбайұлы Өрісбаевтың қазасына байланысты, марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына, әріптес, қаламдас достарына қайғырып көңіл айтады. 

Құдайберген Қашқынбайұлы Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі, академик-ғалым, ақын, сазгер әрі ұстаз. Еңбекшіқазақ ауданының және Алматы облысының құрметті азаматы. ҚР Мәдениет саласының үздігі.

Қаламгер 1937 жылы шілде айының 16-шы жұлдызында Алматы облысы, Шелек ауданындағы (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) Қызылжиде ауылында (қазіргі Сабаншы би ауылы) дүниеге келген.

Сайдың тасындай он ұл тауып, соның төртеуін аман-есен тәрбиелеп өсіріп, олардың жоғары білім алып, өмірдің тетігіне кірпіш болып қалануына бар күші мен қуатын, ақылы мен мейірімін сарқа жұмсаған Дина Рахметқызын білмес бұрын, оның ұлы Әл-Халел Қарпықпен  академик Әбен Нұрманов басқаратын «Бейбітшілік әлемі» ХҚТБ-нде танысқан болатынмын. Білдей БҰҰ ұйымының Қазақстандағы кеңесшісі Әбен Алдабергенұлы «ұстазым» деп құрмет тұтып жүретін Әл-Халел мырзамен сол кездесуден кейін қатты сыйласып, жақын досымдай араласып кеттік. Әңгіме реті келгенде жөн сұрасып, үйінде асыл анасының бар екендігін білдім. Содан кейін, қандай тірлікті бастамайын, Әл-Халел досыма «Дина апаға айтшы, ақ батасын берсін!» деп өтініп жүрдім. Ащы да болса шындықты айтайын, қаражаттан қысыла қалсам, Әл-Халелге «Дина, апаға айтшы, азын-аулақ пенсиясынан қарыз бере тұрсын!» дейтінмін. Әлем халықтары жазушылары одағын ашарда да сүйегі асыл анамыздың ақ тілегін алған едік.

Сұхбатты Қазақ әдебиеті газетінің http://qazaqadebieti.kz сайтынан көшіріп беріп отырмыз.

Сұхбат "Ақын, жазушы Максим Замшевпен Қазақстан Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойында танысқан едік. Ұстамды орыс ақыны сол тойда өзінің аңғарымпаз жан екенін де байқатып қалған. Екі елдің арасындағы айырмашылықтарды өзінше саралап, тым тосын шешім шығаратын қасиеті әңгімесін тыңдауға одан әрі жетелей беретін", – деп басталған екен. Ендеше Максим Адольфовичпен осы тойда біз де танысқан болатынбыз. Қаламгер Қазақстаннан сол кезде жаңадан ашылған Әлем халықтары жазушылары одағына мүше және ӘХЖО президентінің Ресей Федерациясындағы орыс әдебиеті жөніндегі бас кеңесшісі.

Максим ЗАМШЕВ,
ақын, жазушы,
«Литературная газета» басылымы Бас редакторының орынбасары

– Орыс классиктері әлем әдебиетінде өш­пес із қалдырды. Сіздің ойыңызша бүгіндері неге Толстой мен Достоевскийлер шықпай жа­тыр? Және неліктен әйелдер прозасы сонша­лық­ты үлкен сұранысқа ие?
– Толстой мен Достоевский өз заманында, өз әдеби ортасында өмір сүрді. Ол кезде халықтың он пайызы ғана әріп таныған-ды. Ал бүгіні жағдай бөлектеу. Бір ғасырдан аса уақытты қамтыған әдеби-мәдени бумнан кейін, қазір шаршаңқылық, көлемді дүниелердің қысқартуға деген ниет бай­қа­лады. Сол себептен әдебиет элита айналысатын және қаламақы төленбейтін мамандыққа айналды.

         Қаламдас ағаларымның арасынан майдангерлерді – кешегі Екінші дүниежүзілік  соғыстың алғашқы күнінен ақырғы сағатына дейін қатысып, отбасына, ортамызға Жеңіспен оралған жауынгер-қаламгерлерді көрген сайын есіме өзі де от кешкен  жалынды ақын Қасым Аманжоловтың:  

        

«Үстімде сұр шинелім,

Ақсаңдай басып келемін...»,

 

 деп басталатын өлеңі оралады да, ол ағалардың әскери шені старшина ма, полковник пе, – бәрі де төрт жылғы сұрапыл соғыстың нышаны болған  солдаттық сұр шинелді киіп келе жатқан сияқтанады. Өкінішке қарай, саны жыл санап сиреп, көзі тірілеріне «қарға адым жер мұң болып»  қалды.  Жазушылар одағында өткізіліп жататын жиын-жиналыстарға барған сайын мәжіліс залының табалдырығынан аттап кіре кідіріп, алдыңғы орындықтарға көз жіберіп,  «үстімде сұр шинелімділерді»  іздеймін. Қатар түзеп, иық түйістіре жарасып отыратын сол ағалардың   бүгінде бос тұрған орындары көңілімді қаңыратады, - өз еркіммен барып отырудан тартына беремін, құқым жоқ сияқтанады. Осы пікірімді бірде қарт жазушы Қалмұқан аға Исабаевқа телефон арқылы айттым.

 Әлем халықтары жазушылары одағының мүшесі ақын, жазушы, журналист, фелетоншы Үмбетбай Уайдин бүгінде мерейлі 80 жасқа толып отыр. Ұстаз, қаламгер ағамызды ӘХЖО ұжымы атынан айтулы мерейтойымен құттықтай отырып, Үмбетбай ағаның құрдасы, замандасы, әріптесі өзі де мерейлі 80-ді бағындырған Ғаббас Қабышұлы ағамыздың "Бір ақын және бір жазушы" атты шынайы ыстық лебізін жариялап отырмыз.

 

 

         Жақсы түс көрдім мен кеше,

         Жақсы күн жақын ендеше.

         Жақсы сөз айта тұрайық,

         Жақсылық аман келгенше!

 

         Бір өлеңдер жинағын «қақ бөліп» едім, оң  жақ  «жартысының» орта тұсында «Жақсылықты шақыру» деген тақырып менмұндалап тұр екен, бас салып оқығанымда төрт тармағы да «жақсы» деп басталған мына «тұңғыш» шумағы маған «дереу» ұнады! Құдай біледі, бұл оқыған жұрттың бәріне де ұнайды, өйткені «жақсы» деген жақсы сөз бірінен бірі жақсы естіліп тұр ғой?!

         О, бұл ақынның басқа өлеңдері де осындай жақсы шығар деп қуанып кетіп, ары қарай жөнелсем, келесі тақырыбы: «Көктем, көктем!» деп тұр. Көктемді шақырғаны ма, оқырманнан сүйінші сұрағаны ма... е, бәрібір емес пе деп оқи жөнелдім:

 

         Көктем келмей қала ма деп қорқып ек,

         Алып келді аспан сөйлеп, күркіреп.

         Амандасты ұзап кеткен сағыныш,

         Жақындады жерге таман күн күліп.

 

         Қызық, ә? «Қорқып ек» дегені несі? Көктем келмей, яғни шықпай қалған жыл болып па? Болған емес! Болмайды да!.. Е, бұдан басқа тағы не айтты екен деп қалайда қызығып, көзімді екінші шумағына жұмсадым:

Маңайына мейірім шуағын шашып, айналасына жақсылық тілеп жүретін жаны жайсаң адамдар болады. Өмір бойы жоғарғы мектепте ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеген Абдул-Хамид ағамыз сондай адам еді. Ол өзінің жанашырлығымен, аталы сөздерімен, әдемі әзілдері, орынды юморларымен алдынан өткен мыңдаған шәкірттерінің есінде жақсы адам ретінде қалды. Жасы кіші әріптестері Әбеке деп еркелесе, тұcтастары Хама деп сыйлайтын. Жақсы адамның артында жақсы сөздер қалады. «Мархабаев айтқан екен» деген ұшқыр ойлар, ұтымды жауаптар, афоризмдер, еріксіз езу тарттыратын әдемі әзілдер елдің аузында жүр.

8 қазан күні Стокгольмде Нобель сыйлығының әдебиет саласы бойынша 2015 жылғы лауреаты анықталды. Ол «Цинковые мальчики»,  «У войны не женское лицо» атты әйгілі публицистикалық романдардың авторы  Светлана Алексиевич.  

Нобель комитеті қаламгердің бүгінгі таңдағы қоғамымыздағы ерлік пен қасіретті шебер бейнелейтін полифониялық шығармаларын жоғары бағалаған.

Биылғы жылғы авторға берілетін Нобель сыйлығы 8 миллион швед кронын немесе 953 мың АҚШ долларын құрайды. Лауреаттарға сыйлықты тапсыру салтанаты әдеттегідей 10 желтоқсанда – Альфред Нобельдің дүниеден өткен күнінде өтеді. 

Нобель сыйлығының жаңа лауреаты Светлана Алексиевич әлемге әйгілі Белорус жазушысы. Ол шығармаларын орыс тілінде жазады. Негізгі тақырыбы – Чернобыль қасіреті мен Ұлы Отан соғысы.

Жазушы Нобель сыйлығын алатынын естігеннен кейін «Свенска дагбладет» деген швед газетінің журналистеріне телефон арқылы былай дейді: «Енді, мен Нобель сыйлығының лауреаты атанғаннан кейін,